Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» жоспарын ұсынды.
Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру - наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:
Қыркүйек – «Сергіту сәті»
Қазан – «Әнұран айту»
Қараша – «Асық ату»
Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»
Қаңтар – «Қазақ есебі»
Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»
Наурыз – «Домбырашылар»
Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»
Мамыр – «Жасыл мекен».
Дереккөзі: https://el.kz/qazaqstanda-oqushylardy-ulttyq-oyyndar-arqyly-tarbielemek_71534/?fbclid=IwAR1S2mlLMALz0o_XRcCtEHTC-BftfGaCRHvlA-KMp72z5-rPT1tg7GmOAB8
Comments