top of page

Ішекті-ысқылы аспаптарда ойнауға балаларды оқыту әдістемесі

2023 жылғы 03-14 сәуір аралығында қашықтық форматта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарына арналған «Ішекті-ысқылы аспаптарда ойнауға балаларды оқыту әдістемесі» республикалық біліктілікті арттыру курсының екінші күн өткізілуде. Курстарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Республикалық курсқа еліміздің әр өңірінің білім беру ұйымдарынан қосымша білім беру педагогтері қашықтық форматта қатысуда. Курс үш топта өтуде: 25 қатысушы қазақ тілінде, 50 қатысушы орыс тілінде.

Дәріскерлер біліктілікті арттыру курсының теориялық және практикалық сабақтарын өткізеді. Курс сабақтары өте қызықты өтуде. Дәріскерлер түрлі технологияларды қолдана отырып, дәрістер ұйымдастыруда. Тыңдаушылар сабақта өткізілген педагогикалық тренингтерге белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білді. Алдағы күндері тағы да қызықты дәрістер күтілуде.

Біліктілік арттыру курстары педагогтердің кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, шеберліктерін шыңдауына маңызы өте зор.


コメント


bottom of page