«Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған, үш бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтың туған жері Ақсу ауданында республикалық «Ілияс оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Осы орайда сүйінші хабармен бөліссек дейміз!
Қалалық кезеңнің «Сұлу сөздің сүлейі» бағытының жеңімпазы Ғизатұлы Санат республикалық бәйгеде топ жарып, бас жүлдені иеленді.
«Ілияс - эпик ақын» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды 10 мектеп-интернатының оқушысы Аманбек Айнара иеленді.
161 лицейдің оқушысы Тәжіқұл Нұрила «Жас үміт» номмнациясымен атап өтілді.
Comments