2021 жылғы 12 қаңтарында Оқушылар сарайында ғылыми-биологиялық бағытта Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған «Эрудит» интерактивті зияткерлік викторинасы өтті. Іс-шараның мақсаты адамзаттың жануарлар әлемін сақтау және үй жануарларының құқықтарын қорғаудағы күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ оқушылардың танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға шақыру болды.
Педагогтар Аманжолова Е.С және Бейсембекова Ж.С. балалар үшін ойындар, шығармашылық тапсырмаларға толы қызықты сабақ дайындады. Зияткерлік викторинаның өзі үш кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Полиглот», «Сырсандық». Командалар 3 топқа бөлінді. Викторинаның бастапқы кезеңінде команда капитандары жануарларға ұқыпты қарауға шақыратын атау, ұрандар мен сөздерді ұсынды. Содан кейін викторина барысында балалар жануарлар әлеміне саяхат жасап, қоршаған әлем туралы білім-біліктерін ортаға салды. Ойынға қатысушылар кез-келген сұрақтарға жауап беріп, әр дұрыс жауап үшін ұпай алды. Мұғалімдер балалармен бірге ізкесуші, жануарларды зерттеуші мамандар рөлінде сабақты жүргізді.
Викторина балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін байытып қана қоймай, балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандырып, Қызыл кітаптағы жануарлармен танысуға ықпал етті. Іс-шара соңында балдарды есептеу бойынша әр команда грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Comentarios