top of page

Шымкентте «eQonaq» жүйесі іске қосылды


Шымкентте туризм саласын дамыту мақсатында біршама жұмыстар қолға алынып, іске асырылуда. Осыған сәйкес,қалаға келген туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы АҚ өкілдері мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, сондай-ақ қонақ үй иелері және сала мамандары қатысты.

Айта кету керек, «еQonaq»бірыңғай ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға 2020 жылдың IV тоқсанында енгізілді. Бүгінде аталған жүйе негізінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 576 орналастыру орны, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлерінде 29077 турист тіркелген.

Шымкентте аталған ақпараттық жүйеге 65 қонақ үй енгізіліп, тәжірибеде қолданылып келеді. Сондай-ақ, аталған жүйе шілде айында Тараз, Қызылорда, Түркістан қонақ үйлеріне де енгізілмек. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтары толықтай қамтылып, «eQonaq» жүйесіне тіркелген қонақ үйлер санын 700-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Ал жүйені дамыту аясында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы әзірлеуші ретінде «Ashyq» жүйесімен интеграциялауды қолға алмақ.


Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page