top of page

Шешендік өнер дамып келеді

Жастарды шешендік өнерге баулу мен көпшілік алдында мәдениетті сөйлеу дағдыларын үйрету мақсатында Қарағанды облысындағы қала мектептерінің оқушылары арасында 2021 жылғы 6 ақпанда Балқаш қаласының «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің «Жұлдыз» дебат клубы және Оқушылар сарайының «Оратор» дебат клубымен бірлесе «Адал сессия» атты қалалық дебат турнирі өтті. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасында АПФ, ЛД форматы бойынша өтті. Турнирге қала мектептерінің оқушылары арасынан құралған 10 команда қатысты.

Жарыстың тақырыптар тізімі: «БП Өзіне-өзі қол жұмсаған үшін ата-аналарын айыптайды», «БП ғаламтор желісін тұрақты тәжірибеге айналдырады», «БП ТМД елдері бірыңғай тарихи оқулық қабылдауы тиіс деп санайды», «БП дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда, қашықтан оқыту тиімді деп санайды», «БП Борат кинофильмінің Қазақстанға берер зиянынан қарағанда пайдасы көп деп есептейді». Аталған тақырыптар бойынша Үкімет және команда мүшелері оппозицияда өз пікірлерін айтып, тақырыптарды аша алды.

Comentarios


bottom of page