top of page

ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


«Дарын» РҒПО 2022 жылдың 9-11 ақпан күндері аралығында Щучье қаласы “Балдәурен” РОСО базасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңін өткізді. Қорытынды кезеңге 361 зерттеу жобасы іріктеліп алынып, 423 оқушы білім додасында бақтарын сынады.

Конкурс 9 секция бойынша өткізілді: 1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті; 2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі; 3 секция – математика, информатика; 4 секция – физика, техника; 5 секция – медицина, психология; 6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану; 7 секция – химия, биология; 8 секция – экология, валеология; 9 секция – робототехника.

Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Қазылар алқасы қатысушылар білімінің жоғары деңгейін атап өтіп, оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік маңыздылығына оң баға берді. Конкурсқа қатысқан оқушылардың барлығы жобаларын жоғары деңгейде қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша: Бас жүлде- 12 оқушы; I дәрежелі – 49 оқушы; II дәрежелі – 65 оқушы; III дәрежелі – 106 оқушы дипломдарымен, 87 оқушы грамоталармен марапатталды.

Comments


bottom of page