top of page

«ТӨРТ ТОҚСАН - ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» БАЙҚАУЫ

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап республиканың әрбір елді мекенінің барлық өңірлерінде, барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде бірінші тоқсан бойы «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» импровизатор-ақындардың сайыстары өткізілетін болады.

Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениеті мен мұрасын қолдауға және насихаттауға арналған. Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны іске асыру мақсатында «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» байқауы бойынша ашық сабақтар басталды. Бұл байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен отансүйгіштікке, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» байқауы осындай ауқымда республикада алғаш рет өткізіліп отыр, бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындар дәстүрін лайықты деңгейде жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.

Осы жоба аясында біз өз өнерімізді сыйлауға және өз туындыларымызбен шабыттандыруға дайын көптеген дарынды қатысушыларды көреміз деген үміттеміз.



Comments


bottom of page