top of page

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы

2023 жылдың 25 сәуір күні «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі аясында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Созақ аудандық бөлімінің әдіскері Рысжанова Райхан Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында «Жас өлкетанушы» бағыты бойынша кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысқан мұражай директоры Ниязәлі Дүйсенбек, мұражай қызметкері Гүлнар Өмірбек: қоғам қайраткері С.Қожановтың өмірі мен қызметі туралы деректермен бөлісе отырып, мұражай – тарихи ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, тағы басқа мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми – танымдық қызмет атқаратын мекеме екендігін оқушыларға айтып өтті.

Мұражайға саяхат жасау, қызметкерлермен кездесу өткізу арқылы жалпы ой-өрістің кеңейуіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді, сонымен қатар оқушыларды ұлт жандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, құрметтеуге үйретеді.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page