top of page

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН - БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

Р. Шер Директор РУМЦДО МОН РК


Бүгінде шығармашылық балалар өмірінің маңызды бөлігі екені бәріңе мәлім. Ән айтуды, билеуді, қолөнер жасауды немесе сурет салуды ұнатпайтын балаларды қаншалықты жиі кездестіресіз? Керісінше секілді. Өйткені, балалар шығармашылығы - бұл жеке тұлғаның қалыптасуы, өзіндік дамуы, үйлесімділігі. Ал шығармашылық байқаулар қиял әлемін ғана емес, көркемдік шабыт пен даму, сонымен қатар оқушының ішкі әлемін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Жыл сайын ҚР БҒМ РҚББОӘО «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауын өткізеді. Биыл байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілуде. Республикалық масштабтағы шығармашылық байқауға қатысу арқылы қазақстандықтарды патриотизмге, тарихты қадірлеуге және ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу - жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы» байқауының негізгі басымдықтары. Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының кезеңдерінен өткен 136 жеңімпаз қатысады. Бұл шара қатысушыларға өздерінің ерекшелігін көрсетуге, өнер саласындағы қабілеттері мен жетістіктерін нақтылауға, әлемге және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына жеке көзқарасын айқындауға мүмкіндік береді. Байқауда жас суретшілер «Тәуелсіз Қазақстан - балалар көзімен» ұранымен «Классикалық кескіндеме», «Авангардтық және эксперименттік кескіндеме», «Менің Отаным Қазақстан» номинациялары бойынша туындыларын ұсынады. Сондай-ақ, қатысушылар «Коллаж», «Бояулар кұпиясы», «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы» номинацияларына қатысып, өздерінің таланттарын көрсете алады. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға шығармашылық жеңістер тілейміз!

Comentários


bottom of page