top of page

Тәуелсіз Елдің Ұландары



Түркістан облысы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес "Жас туристер станциясы" КММ Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында "Тәуелсіз Елдің Ұландары" тақырыбында туристік-спорттық жарыс өтті. Жарыс Сайрам ауданының орталық саябағында өтті. Іс-шараға 15 мектеп қатысты. Ережеге сәйкес жарыс қатысушылары "Асылмалы өткел", "Тік маятник", "Параллель асылмалы өткел", "Траверс", "Топографиялық белгілерді анықтау" кезеңдері бойынша өзара сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша №47 жалпы орта мектебінің "Бүркіт" тобы бас жүлдені иеленді. І орынды №18 Ә.Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінің "Арлан" тобы; ІІ орынды №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінен келген "Бірлік" тобы; ІІІ орынды №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының "Сұңқар" тобы иеленді. Жеңімпаз топтар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағазымен және станцияның дайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар жарыс кезеңдерінде шапшаңдығымен көзге түскен белсенді оқушылар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

bottom of page