top of page

Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарыс өтті

Түркістан облысында «Балалар жылы» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына байланысты «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы ««Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы 7-ші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 22-24 мамыр күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып, Түркістан облысы, Сайрам ауданы «Ақсу» жазғы сауықтыру лагерінің базасында жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық бағытта тәрбиелеу бойынша «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өнірдің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Сайысқа Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан жалпы саны 340 оқушы қатысты. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де әділқазылар алдында сынға салды. Аталған іс-шара жеңімпаздарына ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама берілді.



Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page