Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті Мәдениет үйінде, Қарағанды облысы білім басқармасының бастамасымен, Бұқар жырау ауданының білім бөлімі, Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Руханият» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан-төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясындағы аймақтық «Туған жерім-мақтанышым!» атты айтыс өтті. Алғашқы құттықтау лебізін білдіріп, жас ақындарға сәттілік тілеп Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің басшысы Оспанова Қаламқас Тулеубаевна мен Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» қосымша білім беру орталығының директоры Ашыкбаев Нуркен Женісұлы сөз сөйледі. Кеш қонағы айтыс өнерінің ақтаңгері Қами Дидар Жанатұлы арнауын арнады. Ақын ағаларының ізін жалғайтын 20 жас айтыскер өнерлерін ортаға салып, ақтық сынға суырылып нәтижесі келесідей анықталды:
1 орын – Мәлік Тілек «Руханият» ҚББО
2 орын – Коля Аружан «Мирас» ӨМ
2 орын – Даулен Дарын «Мирас» ӨМ
3 орын – Абдрахман Аңсар А.Байтұрсынұлы ат.ЖББМ
3 орын – Сайлау Асылнұр Көкпекті ЖББМ
3 орын- Қазыл Ұлан «Руханият» ҚББО
Номинация
1.Игілік Ерасыл С.Торайғыров ат.ТМ
2.Берікбаева Аружан «Руханият» ҚББО
3.Әділ Абдрахман Үштөбе ТМ
4.Аленина Виктория Алексеевна «Руханият» ҚББМ
Байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Қатысушыларға арнайы номинациялар мен сертификаттар берілді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Comments