Облыс тарихшыларының «Тарих-тағылым» қауымдастығы мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру және дебаттық қозғалысты жандандыру мақсатымен «ТАРИХ CUP-2021» пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнирге облыс және қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдерінен құрылған 16 ойыншы 8 команда қатысып, арнайы берілген қарарларға сәйкес өзіндік позицияларына сендіру мен дәлелдеу арқылы бақ сынасты.
Сайыс барысында спикерлер мен дебатерлер бір-біріне қарсы аргументтер айтып, өз позициясының мықты екендігін дәлелдей білді. Үгіт-насихат пен популистік идеяларды ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізді.
Бәсі биік додада сайыскерлер теориялық білімдерімен қоса, жаңа бағыттағы шығармашылық қырынан да танылды.
Пікірсайыстың өту барысын төрешілер қадағалап, нәтижесін төмендегідей қорытындылады:
Жүлделі І орынға «Парадигма» командасының спикерлері Атырау қаласы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрбағыт Жеңісов пен Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Данара Болатова лайық деп танылды.
ІІ орынды «Триумф» командасының спикерлері Атырау қаласы №34 көп салалы мектеп-гимназиясының мұғалімі Дәулет Эрланұлы және Құрманғазы ауданы Панфилов атындағы орта мектебінің мұғалімі Айбек Өтепов иеленді.
ІІІ жүлделі орынмен «Номад» командасының спикерлері Мақат ауданы М.Баймұқанов атындағы орта мектебінің мұғалімі Асылболат Жылқыбаев пен Исатай ауданы Жалпы білім беретін Өркен орта мектебінің мұғалімі Айна Нажимова марапатталды.
Сондай-ақ додада Асылболат Жылқыбаев «Үздік спикер», Нұрбағыт Жеңісов «Үздік оратор», М.Отаралиев атындағы орта мектептің мұғалімі Нығметолла Айғаным «Үздік төреші» атанды.
Бұдан бөлек сайысқа белсене қатысқан бірқатар ойыншыға Алғыс хат табыс етілді.
![](https://static.wixstatic.com/media/809cb6_2010d35ea0f046a4ae0902d8bb055c5e~mv2.png/v1/fill/w_980,h_980,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_auto/809cb6_2010d35ea0f046a4ae0902d8bb055c5e~mv2.png)
![](https://static.wixstatic.com/media/809cb6_4526da3302d64728bcc5dca919758290~mv2.jpg/v1/fill/w_980,h_482,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_auto/809cb6_4526da3302d64728bcc5dca919758290~mv2.jpg)
![](https://static.wixstatic.com/media/809cb6_bcd4d1f3591e417a91651cbef2bcf689~mv2.jpg/v1/fill/w_980,h_524,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_auto/809cb6_bcd4d1f3591e417a91651cbef2bcf689~mv2.jpg)
Comments