БҚО
С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында облыстық мәдениет басқармасы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормониясының ұйымдастыруымен облыстық «Талантты ауыл баласы» жобасының ауылішілік байқауы өтті. Казталов ауылдық округінде өткен байқаудың өтуіне мұрындық болған «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Айбар Хайырханов болды. Мегажобаға ауданымыздың 20-ға жуық жас дауыс иелері қатысты. Сонын ішінде мектебімізден 10 оқушы қатысып бақтарын сынады.
Балалар жылына орай ұйымдастырылған байқауда жас әншілердің өнеріне «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Айбар Хайырханов, халықаралық «Қызғалдақ-көктем» байқауының жүлдегері Асхат Нығметов, аудандық мәдениет үйінің іс-шара ұйымдастырушысы Өтеген Шоқпанов қазылық етіп, өз бағаларын берді. Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары Әли Мирасұлы «Жалмұхан Айтмұханов» атындағы арнайы жүлдеге, Адия Беғали «Казталов дауысы», Нұрлан Бекет «Қоңыр дауыс», аталымдарына ие болды. Ал, Ақзер Нұрлан және Жанерке Сахметова байқау дипломанттары атанды. Өнерімен көпшілікті тамсандырған Райымбек Аткеев, Гаухар Бейбіт жүлделі ІІІ орынға , Айару Болат және Дильнара Қитарова жүлделі ІІ орынды иеленсе, Ералы Абдулов жүлделі І орыннан көрінді. Байқаудың бас жүлдесіне Айару Мұсабек ие болып, жобаның облыстық фестиваліне жолдама алды. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жерлесіміз, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Айбар Хайрхановпен бірге «Атамекен» әнін қосыла шырқады.
Comments