Бүгін, 2023 жылғы 16 мамырда ҚР ОАМ РҚББОӘО ұжымы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы ЖЫЛҚЫШИЕВАМЕН қайта кездесті.
Кездесудің мақсаты Орталық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы жаңалықтармен таныстыру болды.
Қазақстандық қоғамда, оның ішінде педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып табылады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы аса маңызды өзгерістер қозғалды.
Кездесу барысында ЖАЗИРА Жақсылыққызы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Атап айтқанда, қатысушылардың назарын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жақында қабылданған жоспарға аударды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және оларға дұрыс жауап беру қабілетіне негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді менеджмент туралы айтты.
ЖАЗИРА Жақсылыққызы корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіндегі жаңа тәсілдерге назар аударды.
Ол кездесуге қатысушыларды жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға шақырды.
Ашық және сенімді диалог өтті. Көптеген сұрақтар қойылды: сыбайлас жемқорлықты толығымен жою үшін қандай шаралар қабылдау керек; осы әлеуметтік зұлымдықпен күресудің жаңа әдістері туралы; Сыбайлас жемқорлық фактілерін уақтылы жеткізгені үшін бей-жай қарамайтын азаматтарды көтермелеу туралы және т.б. барлық сұрақтарға толық және құзыретті жауаптар алынды.
Comments