top of page

СТЕПНОГОРСК ГВАРДИЯШЫЛАРЫ МЕКТЕПТЕ СПОРТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ СЫНЫП ҚҰРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2023 жылғы желтоқсан айында Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Қ. Атажанов Ақмола облысы, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Н. Егоровпен бірлесіп, мектеп базасында «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық сыныбын құру туралы Меморандумға қол қойылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, әскери-патриоттық тәрбие бастапқыда отбасылық ошақтарда, мектеп орындықтарынан қалыптасуы тиіс. Бүгінгі таңда «Жас Бүркіт» спорттық, әскери-патриоттық қозғалысы еліміздің барлық қалаларында жұмыс істейді. Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері бекітілген кестеге сәйкес орта мектеп оқушыларымен сабақ өткізеді.

Comments


bottom of page