top of page

«Спорттық туризм» нұсқаушылары мамандарын дайындау теориялық семинар өтті



Рухани астана Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің АКТ залында 12.05.2022 ж.күні «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Спорттық туризм» нұсқаушылары мамандарын дайындау теориялық семинар өтті. Семинарға «Альпинизм» федерациясының туризм нұсқаушысы Степанов Александр Валентинович, тарих ғылымының кандидаты, авторлық құқық жөніндегі маман Степанова Оксана Александровна, сандай-ақ Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Семинар модераторы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызы теориялық семинар жүргізе отырып, қатысушылармен пікір алмасты.

Семинар барысында альпинистер қатысушыларға альпинистердің шыңға шығудағы қиындықтар туралы,ол қиындықты жеңудегі әр адамның жігері және табиғаттың адамзат өміріндегі үйлесімділігі, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.Пікір алмасу барысында «Сайрам-2022» альпиниадасына қатысқан қызметкер Тұрсынбай Ермарал Амантайұлы тауға шығу барысындағы өз әсерімен бөлісті.

Мекеме басшысы Сәуле Өмірсерікқызы Степанов Александр Валентиновичке және жұбайы Степанова Оксана Александровнаға мекеме қызметкерлерінің сала бойынша біліктілігін арттыруға , мамандардарды дайындау, олардың біліктілігін арттыру мақсатындағы жұмыстарына алғысын айтып, іскерлік серіктестік жалғасын табатынына сенімін білдірді.

Comments


bottom of page