top of page

СЕМЕЙДЕ «ЕС-АЙМАҚ» ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР


Семейде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Ес-Аймақ» халықтық театрлар фестивалі өтіп жатыр.

Екі күнге созылатын мәдени шараға еліміздің 8 облысынан өнер ұжымдары қатысады. Фестиваль аясында «Ең үздік қойылым», «Үздік режиссерлік жұмыс»,«Үздік әйел және ер адам бейнесі» аталымдары бойынша жүлде табысталады. Темірбек Жүргенов және Әмина Өмірзақова атындағы арнайы сыйлық та тағайындалған. Халық театрлары арасындағы мұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Гүлнәз Төлеубаева, "Ақжар" халық театрының актрисасы:

- Кешеден бері жақсы әсердеміз. Бұл бірінші рет өтіп жатқаннан кейін өзімізге аларымыз көп болды. Өзіміз кәсіби актер емеспіз. Болмасаң да ұқсап бақ деген. Қолымыздан келгенін жасадық, көрсеттік деп ойлаймыз. Халықтың көңілінен шықтық деп ойлаймыз. Қолдау көп болса мұндай фестивальдарға.

Әубәкір Рахымов, қазылар алқасының төрағасы:

- Халық театрларының фестивалінің Семей топырағында, Абай театрында ұйымдастырылуы және «Ес аймақ» деп аталуы бұл символикалық мәні өте зор фестиваль. Және де біз халық театрларын қолдауымыз керек. Жылда немесе екі жылда бір өтетін фестиваль болып, тұрақты фестиваль болса тіпті де құба құп болар еді.



Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Kommentare


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page