Сайрам аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан прокуроры Дәулет Тлемисов жастармен еркін форматта кездесу болып өтті.
Аталған кездесуде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне (ерте жүктілігі) қатысты және өз-өзіне қол жұмсау деректерінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, ашық диалог құрылды.
Өз кезегінде аудан прокуроры Д.Тлемисов, балалыққа бой алдырып, жастықпен жат қылықтарға тап болған кейбір әрекеттердің соңы, жақсылыққа апармайтынын ескертіп, жастарға болашаққа кері әсерін тигізетін жағдайлардан сақ болу қажеттілігін жан-жақты түсіндірді.
Алдағы уақытта да осы бағыттағы кездесулер өз жалғасын табатын болады.
Дереккөзі: https://www.facebook.com/turkistan.obl.aadb/posts/pfbid02HNpc6etJnaDERsQVQxMvbYvWJ9cuKMuHCkqM1YH42HGbMFXgB27of32brKMsYuhel
Comentários