РУМЦДО ұжымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманымен кездесуі
- Rumsdo rumsdo
- 21 февр. 2022 г.
- 1 мин. чтения

Бүгін, 22.02.2022 ж.ҚР БҒМ РҚББЛӘО алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Аңсағанова Әйгерім Аңсағанқызымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.
А. Ансаганова заңнамадағы жаңалықтармен таныстырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, осы зұлымдықпен күрестің бірінші дәрежелі маңыздылығы туралы айтып берді. Өз сөзінде ол кездесуге қатысушыларды қырағылық танытуға, заңдылық нормаларын сақтауға, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу ашық және сенімді түрде өтті.
Comments