top of page

«Робототехника» клубының жеңісі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың қаңтар айында «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 44 команда құрамында 85 оқушы қатысты. Іс-шараның  мақсаты роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялардағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Робототехника» клубының атынан 2 команда турнирге қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:–«OS_Arlandary» команда мүшелері Амантай Елдар, Сайлау Алинұр «Роботек» санатында ІІ орын.–«OS_Qyrandary» команда мүшелері Ашкен Медеу, Әсетқызы Асыл «Сұрыптаушы робот» санатында ІІІ орын.

Топты сайысқа дайындаған М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Робототехника» клубының жетекшісі Қайрат  Солтаналинов.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comentarios


bottom of page