top of page

«ПІКІРСАЙЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ - ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕРДІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

Пікірсайыс – білік, дағды, машықтану.

❗2024 жылдың 27 ақпаны ҚР ОАМ РҚББОӘО алаңында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ораторлық өнер арқылы пікірсайыс ойындарында қолданып жүрген жарқырап тұрған ерекше таланттар мен белсенді пікірсайысшылардың кездесу күні болды.

✔️Бұл іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас пікірсайысшылар мен аймақтардан келген белсенді балаларды біріктірді. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасындағы дебат қозғалысы» жобалық кеңсесінің сарапшысы ТЕҢСІЗБЕК ШЫҢҒЫС «Жас пікірсайысшының жеке тұлғасының және қалыптасуы» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушылар жоғары белсенділікпен спикерге қызықтырған сұрақтарын қойып, қанық жауап алды.

✔️ҚР ОАМ РҚББОӘО Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімінің әдіскері Суниятова АКБАЯН АСКАРОВНА қатысушылармен психологиялық жаттығу өткізді. Онда өзінің күшті жақтары туралы идеяларды өзектендіру, сындарлы өзара әрекеттесу қабілетін дамытуға арналған жаттығу ұсынылды.

✔️Бұл жас пікірсайысшылар пікірсайыстың өте ауқымды әрі өзекті қозғалыс екенін түсіне отырып, пікірсайыс алаңында еліміздің жарқын болашағын, оның мұрасы мен керемет тарихын жандандыру мақсатында сөз қозғайды.

✔️Бұл кездесу басқа да жастарды өз таланттарын табуға және дамытуға, өз мүмкіндіктеріне сенуге және шабыттандыруға арналған.

❗Осы «Пікірсайыс ойындарының чемпиондары» іс-шарасына қатысушылар өздерінің жоспарлары мен армандары туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар бүгінгі күні өз мақсаттарына жету үшін нақты қадамдар жасап жатқаны туралы жеке әңгімелерімен бөлісті. Кездесу жылулық пен шабытқа толы болды. Мұндай кездесулер әрқашан жас жүректер мен ақыл-ойлар үшін мотивация мен шабыт көзі болады.



Comments


bottom of page