Пікірсайыстағы даму
ДАЙЫНДЫҚ
Дамуды көздеген көптеген пікірсайысшылар ойынын жақсарту мақсатында барлық уақытын халықаралық қатынастар жайлы мағлұматтарды оқуға жұмсайды. Алайда, бұл әрқашан дұрыс стратегия емес. Логикалық тұрғыдан, халықаралық қатынас жайлы қарарлар қазақ пікірсайысында көп кездеспейді. Көптеген жағдайларда 4 раундтың ішінде тек біреуі ғана осындай тиянақты білімді қажет етеді, ал қалған 3 раундта пікірсайыс ойнау қабілеттері маңыздырақ, яғни бұл қарсылық келтіру, кеңейту табу, аргумент құрастыру деген сияқты заттар. Бұл дегеніміз, жаңағы қабілеттерді дамыту әлдеқайда көп пайда алып келе алады.
Пікірсайыс дағдылары
Пікірсайыстағы ойнау қабілетін қалай дамытса болады?
ПРАКТИКА
Осында әр дағдымен тиянақты жұмыс жасау қажет. Көптеген жағдайларда жай ғана көп раунд ойнау көмектеспейді. Әр дағдыға арнайы жаттығулар жасау керек.
Бұл жаттығулар сіздің әлсіз жақтарыңызды тез және эффективті түзетуге көмектеседі.Осы жаттығулардағы ең қолайлы қару бұл пікірсайыс видеосын алып, сондағы аргументтерге ребатл, кеңейту жазу.
Жазған әр аргументтеріңізге, жаттығуларыңызға фидбек алу өте маңызды, себебі өзіңізге керемет болып көрінсе де, қателіктер әрқашан болады. Бұл қателіктерді дұрыстап, даму үшін клубтағы аға буыныңызды жұмысыңызды тексеруді сұраңыз. Прогрессіңізді және әлсіздігіңізді табу үшін, барлық турнирда қандай ранг, спикерлік ұпай алғаныңызды тіркеу керек. деген сөз.
ТЕОРИЯ
Әрине жаттығу маңызды, алайда пікірсайыс теориясын да білген жөн.
АҚПАРАТТЫҚ БАЗА
Әрине, егер дағдыларыңыз жақсы болса, халықаралық қатынастарды оқу пайдалы. Бірақ осындағы маңыздылық қай мемлекетті білмеймін емес,қай мемлекет ең керек деген ойға аударылуы қажет! Яғни турнирлерде Испания жайлы резолюциялар өте сирек кездеседі, АҚШ, Қытай, Таяу Шығыс жайлы материалдарды оқудың пайдасы көбірек.
Әр күн сайын халықаралық жаңалықтарды оқуға жарты сағат уақытыңызды жұмсау әдеті сізге өте қатты көмектесуі мүмкін. Егер дайындығынызды күшейткіңіз келсе, тақырыпқа конспектер жазу өте жақсы дайындық механизмі бола алады, себебі пікірсайыс турнирлерінде өз конспектіңізді қолдана аласыз..
РИТОРИКА
Көптеген адамдардың айтуынша пікірсайыста сөйлеу мәнері емес, аргументтер маңызды. Алайда, бұл идеалда дұрыс және жақсы болса да, төрешілердің 90 пайызы қасақана болмаса да, назар аударады. Яғни, егер сіз сөзіңізді өте сенімсіз және ақырын бастасаңыз, төрешінің ойында сіздің аргументтеріңіз әлсіз деген ой пайда болып, сіздің рангіңізге әсер етуі мүмкін. Менің беретін екі кеңесім:
1 Кейс жазғаннан кейін, сол кейсті үйде айна алдында сенімді түрде жеткізіп жаттығыңыз.
2 Аргументтердің ішіндегі ең маңызды заттарға екпін басып нақтылап көрсетіңіз. Көптеген жағдайларда жеңуге маңызды заттарды төрешілер жазбай немесе ұмытып кетуінің мүмкіндігі өте жоғары. Осыны болғызбай үшін: “Осы нүкте ойында өте өте маңызды, осыны жазуды ұмытпаңыз” деген фразалар ешқашан артық болмайды. 3. Аргументтер арасында паузалар жасауды ұмытпаңыз, бұл төрешіге сіздің артыңыздан еріп үйгеруге және маңызды нүктелерді жіберіп алмауы үшін керек.
Comments