top of page

Петропавл қ. Оқушылар сарайында Ғылыми-биологиялық бағыттағы онкүндік

Оқушылар сарайында дәстүрлі түрде 12 сәуір - Ғылым күні басталатын ғылыми-биологиялық бағыттағы онкүндік өз жұмысын бастады.

Онкүндік аясында 18 танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды: викториналар, көрмелер, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстел, "21 ғасыр көшбасшысы", дебаттар, "СҚУ Ашық есік күні", ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы. Ғылыми-биологиялық бағытының педагогтары химия, биология, биотехнология және өлкетану бойынша 16 ашық сабақ, мастер-класс, ғылыми шеберханалар өткізуді жоспарлап отыр. Онкүндікті ұйымдастыру негізінде: жаратылыстану ғылымдары пәндерін тереңдетіп оқыту, инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалану және білім алушыларға практикалық дағдылар мен қабілеттерді сіңіру қағидаттары жатыр.

Онкүндіктің мақсаты мен міндеттері:

- білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру үшін оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;

- оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ұжымдық жұмыс, ынтымақтастық, бірлескен қызмет дағдыларын үйрету;

- зерттеу дағдыларын дамыту (проблемалық жағдайды талдау, қажетті ақпаратты таңдау, нәтижелерді жазу және талдау, гипотезалар құру, оларды тексеру, жалпылау, қорытынды жасау);

- ғылыми-биологиялық бағыттағы оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.


Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page