top of page

Оқушылар сарайында Қ.Сатбаевтың 125-жылдығына арналған дебат турнирі өтті

2024 жылдың 31 қаңтарында М. Катаев ат. Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» облыстық штабы Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұшқыр ой» пікір сайыс турнирін ұйымдастырды. Турнир 9 фракциядан 18 қатысушыдан тұрып,  мемлекеттік тілде өтті.

Төрешілер алқасына Павлодар педагогикалық университетінің «Ақиқат» клубының тәжірибелі пікір сайысшылары кірді. Қазақ лигасының бас төрешісі – Айнұр Әлиақбар.

Бірінші орынды Павлодар қаласының №2 ЖОББМ дебатерлері Игсатов Ерасыл, Мағамет Фируза иеленді. Екінші орынды Екібастұз қаласының дебатерлері Нығыбаева Аружан, Әбдікәрім Әмина иеленді. Үшінші орынды Ақтоғай ауданы Абай ЖОББМ дебатерлер фракциясы Айнара Мұқитова, Бейсенбек Жалғас иеленді. Төртінші орын алған финалистер Ертіс ауданының командасы Арманқызы Жанерке, Қошман Гүлім. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.  

Турнир Британдық парламенттік пікірсайыс форматы бойынша өткізілді. Турнирдің мақсаты облыстың зияткерлік жастарын қолдау, әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді азаматтық ұстанымға ие, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті жастар буынын қалыптастыру, пікірталас қозғалысын дамыту, - деді «Жас Ұлан» ББЖҰ аймақтық хатшысы Айжан Оразбаева.



Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page