Пікірсайыс – балаларға талдау, жүйелік талдау дағдыларын, өз ұстанымдарын білдіру қабілетін көрсетудің бірегей мүмкіндігі.
Шығыс Қазақстан облысында 4869 оқушыны қамтитын орта және қосымша білім беру ұйымдары жанынан 301 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.
2023 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі» атты облыстық дебаттық турнирін өткізді.
Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстанымды, патриотизм мен жауапкершілікті қалыптастыру; оқушылардың ел мәселелерін талқылауға және шешуге қатысу сезімін тәрбиелеу; облыста мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирге облыстың мектепішілік және аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздарын қамти отыра 58-ден астам қатысушыдан құралған пікірсайыс клубтарының 29 командасы қатысты.
Оқушылардың пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары: Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен өркендеуі, әлемдік аренадағы орны мен рөлі.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Қазақ тілдер лигасы:
1 орын - Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «ZIATKER» командасы;
2 орын – Тарбағатай ауданы, А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі, «Ақиқат» командасы;
3 орын – Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты, «Jiafei» командасы.
Орыс тілдер лигасы:
1 орын - Алтай ауданы, Мектеп-лицей, «Адал ұрпақ» командасы;
2 орын - Өскемен қаласы, №37 көпсалалы орта мектебі, «Логос» командасы;
3 орын - Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты, «Paradise» командасы.
Ағылшын тілдер лигасы:
1 орын – Шемонаиха ауданы, Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп- гимназиясы, «Ақ орда» командасы;
2 орын – Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі, «Өскемен БИЛ» командасы;
3 орын – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі, «New generation» командасы.
Турнирде үздік қатысушылар қосымша «Үздік спикер», «Үздік аналитик», «Ең креативті ойыншы», «Ең дәйекті ойыншы», «Ең білімді ойыншы» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.
«Үздік спикер»:
Нұрболат Азамат - Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты;
Ақпаева Даяна - Алтай ауданы, Мектеп-лицей;
Тұрсынхан Шыңғыс - Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі.
«Үздік аналитик»:
Қилымбек Айзере - Самар ауданы, Көкжота орта мектебі.
«Ең креативті ойыншы»:
Нұрланқызы Гүлнұр - Зайсан ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебі;
Құрмашева Алия - Зайсан ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебі.
«Ең дәйекті ойыншы»:
Есембаева Мөлдір - Алтай ауданы, №9 орта мектебі.
«Ең білімді ойыншы»:
Сағай Сезім - Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
Нұрмади Шыңғыс - Шемонаиха ауданы, Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!
Comments