top of page

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ.

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ.

    2024 жылдың 5 қыркүйек күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.

      Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің, тілдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

       Турнирге білім беру ұйымдарының 9-11 сынып білім алушыларынан 8 команда қатысты. Әр спикердің атқаратын қызметі, ойындағы рөлі жалпы республикалық пікірсайыс турнирінің форматының ережесі түсіндірілді.

      Аудандық турнирдің нәтижесінде: «Атамекен жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ATAMEKEN» командасы облыстық кезеңге жолдама алды.

     Жеңімпаз оқушыларымызды және оларды дайындаған жетекшілерін құттықтаймыз!

      Дебатерлерімізге сәттілік серік болғай!


Comments


bottom of page