top of page

«Оқушылардың оқу дағдыларына қойылатын талаптардың орындалуын жүзеге асыру» онлайн-семинары

2021 жылғы 7 желтоқсанда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен жылдық жоспарға сәйкес онлайн-режимде тарих пәні мұғалімдері үшін семинар өткізілді.

Мақсаты - «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда оқушылардың оқу дағдыларын дамыту бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарда:

ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Д. Қонаев атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі Бородина Марья Галиевна «Формирование исторического мышления школьников через использование креативных методик обучения на уроках истории»;

ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Асылбаев Еділ Асқарұлы «Тарихи деректердің негізінде оқушылардың тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі Баранова Елена Павловна «Развитие навыков исторического мышления на основе исторических концептов»;

ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Қайырбаева Алмаш Жаксылыковна «Тарихи оқиғаларды, тарихи тұлғалардың қызметін тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар спикерлер ұсынған материалдың практикалық маңыздылығын, оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру және дамытуда құнды екенін атап өтті.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.




Comments


bottom of page