ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері, оның ішінде мектеп парламенттерінің «ТЖ министрлері» арасында «Объективте – «Қауіпсіздік» атты Республикалық акциясы 2024 жылғы 9-31 қаңтар аралығында бастау алуда.
✔️Бұл акция кәмелетке толмаған балалармен төтенше оқиғалардың алдын алуға, оның ішінде балалардың жолдардағы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін сақтау, күнделікті өмірдегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, белсенділік, тапқырлық, ептілік, яғни қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру және т. б. жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бағытталған.
❗️Өз игі істеріңіз туралы әңгімелер, бейнесюжеттер, очерктер, қызықты әңгімелерді келесі хэштегтерді көрсете отырып Facebook, Instagram, YouTube, TikTok-қа жариялауға болады:
Comentarios