Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің туристік-спорттық бөлімінің әдістемелік апталығы 2022 жылғы ақпан айының 07-11 аралығында өтті. Мақсаты: Оқушыларға түрлі дәрежедегі туристік кедергілерді жеңе білуге үйрету, туристік түйіндерді байлау және тәжірибелік әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы шеберліктерін шыңдау. Жергілікті жерді бағдарлау, тұс бағдар және картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың туризм үйірмесіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Туристік-спорттық бөлімінің педагогы Бекжанов Сакен №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің спорт залында «Кедергілер жолағы кезеңінен өтудің әдіс-тәсілдерін іс-жүзінде көрсету» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Үйірме оқушылары «Жұмармен жоғары көтерілу», «Тізбектер жолағы»(Траверс), «Маятник» кезеңдерінен өтіп, өз ептіліктерін көрсетті. Туристік-спорттық бөлімінің педагогы Сейтхан Абылайхан №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің спорт залында «Кедергілер жолағы кезеңінен өтудің әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсету» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Үйірмешілер «Буриллом», «Кочки», «Жұмармен жоғары көтерілу» кедергілер жолағы кезеңдерінен жүріп өтті. Туристік-спорттық бөлімінің әдіскері Паримбеков Қанат №26 Әйтеке би жалпы орта мектебінің спорт залында «Түйін байлаудың әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсету» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Туристік-спорттық бөлімінің педагогы Жанболатов Ерсұлтанның №26 Әйтеке би жалпы орта мектебінің спорт залында «Жергілікті жерді бағдарлау» тақырыбындағы тәжірибелік сабағы болып өтті.
Білім алушылардың сапалы жаңа білімдік нәтижеге жетуге бағытталған бөлімнің әдістемелік апталығы педагогтардың да өзара тәжірибе алмасуына мол мүмкіндіктер берді.
Comments