Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасы Б. Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің консулы Галина Френкель, Нұр-Сұлтан қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух, сондай-ақ басқа діни бірлестіктердің және Қазақстандақы АҚШ, Ресей, Жапония, Ватикан, Бельгия елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері қатысты.
Фотокөрменің мақсаты – әлемнің әр түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне толерантты дүниетанымды және құрметпен қарауды қалыптастыру, қоғамды негізгі адами және рухани құндылықтардың айналасына топтастыру, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда бірлескен жауапкершілікті нығайтуға жәрдемдесу.
Рәсім соңында шараға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігінің, Еуропа-Азия еврейлер конгресінің Орталық Азиядағы өкілдігінің, «Хабад Любавич» еврей орталығы (Қарағанды қ.), «Бейт Менахем» Хабад үйі (Алматы қ.) ұсынған фотосуреттермен таныс болды. Естеріңізге сала кетейік, «Ашық аспан астында» фотокөрмесі барлық сақтық шараларын сақтай отырып, барлық адардар үшін Бейбітшілік және келісім сарайында 2021 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/n-nazarbaev-ortalygynda-ashyk-aspan-astynda-atty-ushinshi-halykaralyk-fotokorme-ashyldy_a3832114
Comments