top of page

Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының слеті өткізілуде

2023 жылдың 9 қазан күні Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының слеті өткізілуде.

Слетке 110 оқушы қатысуда.

Слеттің мақсаты:

• Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;

• балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

• тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

• білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу.

Жарыс кезеңдері:

1) аспалы өткел;

​2) параллель таяныштар;

​3) трайверс;

4) шынжыр табан;

Оқушылар жарысқа керемет көңіл-күйде ,тартысты түрде қатысуда.

Жарысқа қатысушы үйірмешілерге сәттілік тілейміз!

Дереккөзі:https://www.facebook.com/tourism.tourism.3382/posts/pfbid02m22mbgPjWBdnUoQS82ZPhVh9PEirZFnehtJLbVuk636J6dzcRqYqLbmZv85VMtul

Comments


bottom of page