Ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Рес публикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» директоры Шер Раиса Петровна және екінші тараптан «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорының мүшесі, Астана қаласы бойынша координаторы Омаров Ержігіт Тулегенович арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
🖋️Меморандум аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша - мақсатты маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру; білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ықпал ету; білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; бірлескен инновациялық жобаларды дайындау, өткізу және т.б. бірқатар өзара ықпалдастықтың бірқатар формалары қарастырылды.
🖋️Осы ынтымақтастық туралы меморандум аясында екі жақ бір-бірімен ақпаратпен және тәжірибемен алмасып, еліміздің білім саласын дамытуға, педагогтердің кәсіби өсуіне, жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік тұрғыдан дамуына септігін тигізетін бір қатар іс-шаралар ұйымдастыратын болады.
Comments