top of page

Мектеп терминологиясын жүйелендіру жөнінде республикалық семинар өтті


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен мектеп терминологиясының ғылыми негізі мен әдіснамасын жетілдіру, жүйеленген базасын қалыптастыру мақсатында «Мектеп терминологиясы: бүгінгі жай-күйі мен жүйелеу мәселесі» тақырыбында онлайн форматта республикалық әдістемелік-сараптамалық семинар өтті.

Комитет төрағасы Әділбек Қаба кіріспе сөзінде негізі қаланған ғылыми тілімізді одан әрі дамыту, ана тілімізді қазіргі ақпараттық-инновациялық заманның сұранысына сай келетін тілге айналдыру мәселесінде терминологияның алатын орны айрықша екеніне тоқтала келіп, терминологияның ғылыми негізі, практикалық қолданысы, пән терминдері мектептен бастау алатынын ескере отырып, мектеп терминологиясын дамытуға бағытталған кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті.


Comments


bottom of page