2023 жылдың 15-ші наурыз күні РҚББОӘО-ның ұйымдастыруымен «Мектеп және студенттік парламент жұмысы» тақырыбында барлық өңірден өзін-өзі басқару ұйымының 100 үйлестірушісі қатысқан семинар өтті.
Семинардың барысында келесі сұрақтар талданды: өзін-өзі басқару ұйымын білім бекру ұйымдарындағы ролі қандай? Мектептегі өзін-өзі басқаруды қалай тиімді жүргізуге болады? Жұмыс барысында қандай қызықты әдіс-тәсілдер қолдануға болады? Заманауи жағдайларда өзін-өзі басқару ұйымының құрылу өзектілігі және т.б.
Семинардың спикерлері:
- «Білім беру ұйымындағы мектеп парламентінің рөлі», Конгирбаева Гулчехра Амирбековна, Шымкент қаласы №45 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
- «Мектеп парламенті- оқушылардың бойында негізгі компотенцияны дамыту, әрекет етудің алғашқы баспалдағы», Амантурлина Перизат Бейсенбайқызы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Сағыз орта мектебі, «Болашақтайм» парламентінің жетекшісі;
- «Студенттік парламент – студенттердің белсенді іс-әрекеттерінің үздік тәжірибелерін тарату, насихаттау алаңы», Шагирова Жұлдыз Амановна, Атырау облысы, Атырау қаласы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, «INFINITI» студенттік парламентінің жетекшісі;
- «Мектеп парламенті – болашақ көшбасшылар бастауы», Кайржанова Майра Негметовна, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы № 3 мектебі, директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары.
Өзін-өзі басқару үйлестірушілері тәжірибе алмасып, өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері бойынша дискурсс өткізді. Сондай-ақ, мектеп және студенттік парламент жұмысын талдаудың тиімді әдістері анықталды.
Comments