top of page

Мектеп және студенттік дебат қозғалысы

2022 жылғы 12 қыркүйекте «Алматы дарыны» орталығының базасында Алматы қаласы бойынша дебат қозғалысының өкілдерімен пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша қалалық мектеп және студенттер лигасын құру жөнінде кеңес өткізілді.

Мектеп және студенттік дебат қозғалысының жобасы мен қағидалары талқыланып, лиганың мақсаттары, міндеттері, функциялары, Лига мүшелерінің құрамы, құқықтары, міндеттері, қызметі, сондай-ақ мектеп және студенттік дебат қозғалысының даму стратегиясы қарастырылды.

Жалпы жиналыста лига мүшелерінің үміткерлері мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысының лигасын құруды; пікірсайыс қозғалысының барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы үшін ортақ платформа құруды, мүдделер ортақтығы базасында пікірсайыс клубтарын біріктіруді; педагогтар мен білім алушылардың пікірсайыста ойнау технологияларын, оқытуға арналған платформаларды, пікірсайыс қозғалысын әрі қарай дамыту үшін әдістемелік база құруды қолдады.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша пікірсайыс қозғалысын дамытудағы проблемалар қарастырылып, оның шешу жолдары белгіленді.


Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page