top of page

«МЕКТЕП, АТА-АНА, ҰСТАЗ БІРЛІГІ - САПАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ІЗГІ ЖОЛДАРЫ»

Білім беру ұйымдарының директорларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «МЕКТЕП, АТА-АНА, ҰСТАЗ БІРЛІГІ - САПАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ІЗГІ ЖОЛДАРЫ»әдістемелік-практикалық семинары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп 2023 жылғы 19 сәуірде Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінде білім беру ұйымдарының директорларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі - сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары» тақырыбында әдістемелік-практикалық семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты –ата-аналармен жаңа форматтағы жұмысты жүргізу бойынша әдіс-тәсілдерімен таныстыру; ата-аналардың мектеппен, педагогпен тығыз байланысын арттыру; тәжірибемен бөлісу.

Әдістемелік-практикалық семинар барысында келесі спикерлер және педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Нұрғожаев Ғани Сандыбайұлы, «Білім-Инновация» ХҚҚ әдіскері, «Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі отбасы ролі».

2. Әділетұлы Роман, «Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы «Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы».

3. Қаратабанов Руслан Әделханұлы, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқулықтар авторы, «Құндылықтарға негізделген тәрбие» оқу бағдарламаларын әзірлеушісі.

4. Жанайханұлы Батыржан, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің қоғамдық байланыс жөніндегі директордың орынбасары, «Лицейдегі ата-анамен жұмыстың маңыздылығы».

5. Мауқанов Нұрсұлтан Жанғалиұлы, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің сынып жетекшісі, «ХХI ғасырдың сынып жетекшісі қандай болу керек?».

6. Сейфуллин Бауыржан Мүбәракұлы, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің қоғамдық байланыс жөніндегі орынбасары, «Құндылықтар негізінде тәрбие беру-заман талабы».

7. Булишев Бекзат Кумарович «Astana Alumni» түлектер ассоциациясының президенті, Тулеужанов Маулен Ерикулы түлектермен жұмыс менеджері, «Төрттік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы және түлек».

Соңында қатысушылар тәрбие жұмысы бойынша маңызды сұрақтарды қойып, кері байланыс жүргізілді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.





Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page