top of page

«Мектептегі өзін-өзі басқаруды қалай тиімді жүргізуге болады?» тақырыбындағы шеберлік-сынып

Обновлено: 10 мар. 2023 г.

2023 жылдың 24-ші ақпан күні РҚББОӘО-ның ұйымдастыруымен «Мектептегі өзін-өзі басқаруды қалай тиімді жүргізуге болады?» тақырыбында барлық өңірден өзін-өзі басқару ұйымының 100 үйлестірушісі қатысқан шеберлік-сынып өтті.

Шеберлік-сыныптың барысында келесі сұрақтар талданды: өзін-өзі басқару ұйымын қалай құруға болады? Мектептегі өзін-өзі басқаруды қалай тиімді жүргізуге болады? Заманауи жағдайларда өзін-өзі басқару ұйымының құрылу өзектілігі және т.б.

Шеберлік сыныптың спикерлері:

-«Заманауи мектептегі тәлімгердің рөлі» тақырыбы бойынша, спикер Суйиндикова Гулнур Жанадилқызы, №85 мектеп-лицей аға тәлімгері, Астана қаласы;

-«Мектептегі өзін-өзі басқарудағы президенттік сайлауды өткізу» тақырыбы бойынша, спикер Мейман Қуанар Шарқанбекұлы, №59 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Астана қаласы;

-«Оқушылардың өзін-өзі басқару жағдайында білім алушылардың экологиялық өзін-өзі тануын қалыптастыруындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша, спикер Молдашева Аида Ельтаевна, №189 жалпы білім беру мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы қаласы;

-«Ақпараттық технологияны қолдану аясында өзін-өзі басқару ұйымын дамыту» тақырыбы бойынша, спикер Үрістемова Айгерим Кендебайқызы, №177 жалпы орта білім беру мектебінің тәлімгері, Алматы қаласы.

Шеберлік-сыныптағы өзін-өзі басқару ұйымының үйлестірушілері ортақ пікірге келді: мектептегі өзін-өзі басқару ұйымына немесе қоғамдық ұйымның қызметіне атсалысу азаматтық ұстаным мен өзіне және басқаларға деген құндылықты қарым-қатынасты қалыптастыруға, қиын жағдайларда өз бетінше әрекет етуге әлеуметтік мінез-құлық дағдылары мен көзқарастарын дамытуға ықпал етеді.



Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comentários


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page