top of page

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы

2023 жылдың 13 сәуір күні Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 9 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.

Бүгін қозғалған тақырыптар тәжірибелік-эксперименттік жұмыста мектептегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру моделін жобалау, коммуникативтік ойындар, өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру жайында болды.

Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.


Comments


bottom of page