2023 жылдың 10 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 6 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.
Бүгін қозғалған тақырыптар вербалды қарым-қатынастың ерекшеліктері, жасөспірімдердің, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құрдастарымен тұлғааралық қарым-қатынасы, сайлау науқанын өткізу тәртібі жайында болды.
Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.
Comments