2023 жылдың 07 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 3 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.
Бүгін қозғалған тақырыптар мектептегі өзін өзі басқару қызметін ұйымдастыру, вербалды қарым-қатынастар, көшбасшы, көшбасшылық және оның стильдері жайында болды.
Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.
Comentarios