top of page

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы

2023 жылдың 4 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 2 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.

Бүгін қозғалған тақырыптар мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруын модельдеу, жасөспірімдердің, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құрдастарымен тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында болды.

Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.


Comments


bottom of page