Ағымдағы жылдың 03 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» атты біліктілік арттыру курсының 1 күнін бастады. Курс ұзақтығы 2023 жылғы 03-14 сәуір аралығы. Аталған курс 80 сағатты қамтиды. Курс кураторы Айтбай Еркеназ Темірбекқызы.
- Бағдарламаның мазмұны төрт модульден құралады:
- нормативтік құқықтық;
- психологиялық-педагогикалық;
- теориялық-технологиялық;
- практикаға бағдарланған.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар шығармашылық жобаларды қорғайды, қорытынды тестілеуден өтеді.


Comments