top of page

Көркемсурет мектебі оқушыларының суреттеріндегі жаз

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 6-11 жас аралығындағы оқушылары Бұхар жырау атындағы мұражайдың «Шуақты жаз» көрмесіне 20 - дан астам жұмыс дайындады. Өз суреттерінде жас суретшілер жаз мезгіліндегі табиғаттың сұлулығын, жазғы демалыс туралы әсерлерін бейнеледі.

Теңіз жағасындағы демалыстан алған жарқын әсерлерімен - 8 жасар Есения Сафенова өзінің «Ілеспе жел» суретінде, Вероника Кожа, 7 жаста, «Дельфиндермен кездесу» суретінде бөлісті, жұмыстар аралас техникада орындалған. Ал 10 жастағы Маргарита Прилуцкая, «Түймедақ» суретінде, Георгий Шапов,8 жаста, «Жазғы гүлшоқ» суретінде, Елизавета Вассерберг,7 жаста, «Күнбағыс» атты гуашьпен орындалған суреттері арқылы жазғы гүлдердің сұлулығы мен нәзіктігін көрсетті. Достармен қарым-қатынас қуанышын 8 жасар Милана Русских,түрлі-түсті пастельмен орындалған «Достармен серуендеу» жұмысында, Ярослав Челаков, 6 жаста, гуашьпен орындалған «Қонақта» суретінде, Нұрали Жұмекен,7 жаста, фломастермен орындалған «Жарыс» суретінде көрсетті.

Әр суретте біз күнді, балалардың бақытты жүздерін, бейбіт көк аспанды байқаймыз. Балалар өте шынайы, ашық және өте дарынды. Өз суреттері арқылы олар әлемді, қоршаған ортаны қабылдауды көрсетеді, және олар өздері туралы, жетістіктері мен алған білімдері туралы айтады, - дейді Инна Владиславовна Масленникова.

Бұл суреттер көрмесі біздің оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарының аз ғана бөлігі ғана және біз оны көрермендерге көрсетуге қуаныштымыз. Біздің міндетіміз-жас дарындардың шығармашылық әлеуетін ашу және дамыту.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

תגובות


bottom of page