top of page

КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ

❗«Пікірталас өткізудің негізгі ережелері, элементтері мен әдістері»

«Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» (республикалық біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының жұмыс тәжірибесінен)

✔️2024 жылғы 22 қаңтарда ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау аясында «Пікірталас өткізудің негізгі ережелері, элементтері мен әдістері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар мемлекеттік тілде жүргізіліп, «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» курсының 25 қатысушысы қатысты.

❗Модератор:

1. Асубаева Айсулу Молдагалиевна, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Низамхан» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

❗Спикерлер:

1. Жармагамбетова Гульжайнар Аскаровна -Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

✔️Тақырыбы:

«Оқушыларды облыстық пікірсайыс турнирлеріне дайындық тәжірибесі»

2. Кузеров Айдар Оразбайұлы - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, «Шамалған» орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

✔️Тақырыбы:

«Жаңадан бастаушыларға арналған пікірталас өткізудің 7 қадамы»

3. Имамзадаева Гулбану Кузенбаевна - Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Қосымша білім беру» бөлімінің меңгерушісі.

Тақырыбы:

«Пікірсайыс: «Дос табу және оқушыларға ықпал ету жолдары»

❗Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолдану бойынша тәжірбие алмасып, вебинарға қатысушылар алдағы уақыттағы жұмыстарын жоспарлап, талдау жүргізді. Қатысушылар жаңашылық танытып идеяларын ұсынды.


Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page