Атырау облысы және Ақмола облысы тарихи – өлкетану музейлері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологтары, педагогикалық тарих ғылымдарының магистрлері А.Қалшабаев пен Е.Тілекқабылов Ақмола облысы, Красный Яр елді мекенінде орналасқан энолит қоныстарына жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициясына қатысуда.
«Красный Яр» тұрағы 1986 жылы Виктор Федорович Зайберттің жетекшілігімен зерттеліп ашылған. Көкшетау қаласынан 10 шақырым қашықтықта, Шағалалы өзені бойында орналасқан «Ботай» мәдениетінің ескерткіші. Мәдениет ерекшелігі әлем бойынша жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Алғашқы қазба жұмыстары 1986-1987 ж.ж, 2000 жылы Қазақстан – АҚШ қазба жұмыстары және қазіргі уақытта жүргізілу үстінде.
Қазба жұмыстарының жетекшісі археолог, Хайргелдинов Руслан Ерланұлы
2021 жылғы қазба жұмыстарының жалпы көлемі 112 шаршы метр 7 секторға бөлініп 4х4 шаршы метр болып қазылу үстінде. 40 см кейін энолит жертөлесінің орындары, қабырғалары анықталды.
Қазба жұмыстары барысында үстіңгі бөлігін тазалау барысында сүйектен және тастан жасалған тұрмыстық еңбек құралдары. Оның ішінде тастан жасалған; қырғыш, пластина, жебе, найза, дротик ұштары, тас дискілер мен пышақ түрлері көп кездеседі . Ал сүйек бұйымдардан: жылқы малының сүйектерінен өңделген біз, сүргі, өрнекті сүйек бұйымдар табылу үстінде.
Қазба жұмыстарынан кейін музей археологтары Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Магдаленовка ауылы маңындағы қорғандарға жүргізілетін қазба жұмыстарына қатынасу жоспарлануда. Бұл археологиялық қазба жұмыстары біздің археологтар үшін іс тәжирбие алмасу, мәдени ықпалдастық, ғылыми ізденістер болмақ.
Comentarios