top of page

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан елінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Баскетбол ойыны

2022 жылдың ақпан айының 12 күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан елінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, Қарқаралы қаласының "Қарқаралы" спорт клубының спорт залында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында баскетбол ойынынан аудандық жарыс өткізілді .Жарысқа Ауғаныстан елінде Отан алдында борышын өтеген Сәрсембеков Ақылжан, Канафин Ерғали, Абишев Рымбай, Жумаділов Шаймұрат ардагерлер мен Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімінің бастығы сержант Мукашев Ерназар Берікболұлы құрметті қонақтар ретінде қатысты. Жарысқа жалпы 12 команда қатысып жарыстың көркін қыздырды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды Қарқаралы қаласындағы Ә. Ермеков атындағы # 2 жбб мектептің командасы, ІІ орынды Жарлы ауылындағы Н. Әбдіров атындағы # 10 жбб мектептің командасы, ІІІ орынды Қарқаралы қаласындағы О. Жәутіков атындағы # 1 жбб мектептің командасы иеленсе, ұлдар арасында І орынды Қарқаралы қаласындағы О. Жәутіков атындағы # 1 жбб мектептің командасы, ІІ орынды Қарқаралы ауданының Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығының командасы, ІІІ орынды Жарлы ауылындағы # 10 жбб мектептің командасы иеленді.





Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page