top of page

"Кескіндеме арқылы ғажайып саяхат" - атты " Art Dream" үйірмесінің сурет көрмесі



Өнер - адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады . Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.

Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі ол - Бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді. Кентау оқушылар үйіндегі « Art Dream » сурет үйірмесі оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтырып, ой – қиялдарын дамытып, сурет салу шеберлігін арттырып, оларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеп жүр. Сурет үйірмесінің оқушылары көптеген республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып жеңімпаздар атануда.

Жуырда, Балалар жылына орай, "Кескіндеме арқылы ғажайып саяхат" - атты " Art Dream" үйірмесінің сурет көрмесі қойылды. Көрмеге ерекше жұмыстарымен көзге көрініп жүрген оқушылар: Оразбек Гулсезім, Сарсенбаева Дамелия, Лукичева Ева, Шарипова Согдиана, Нурмухамбет Арсен ,Балтабай Бексултан, Тұрсынбаева Элеоноралардың жасаған таңдаулы туындылары көрермендер назарына ұсынылды. Алыстан көз тартатын туындыларға қызығушылық танытып жатқандар аз болмады. Әсіресе, жастар қауымы көрмені таңдана тамашалады.

Кентау оқушылар үйінің директоры

Мамбетбаева Халуа Идаятқызы үйірме жетекшісі Мажитова Нафиса Маматнабиқызына және оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Сурет байқауы алдағы уақытта дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі деген ойдамыз.

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comentários


bottom of page