top of page

Каникул кезеңінде балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың заманауи модельдері

2023 жылғы 20 сәуірде балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың бейіні бойынша педагогтер мен мамандарға арналған «Каникул кезеңінде балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың заманауи модельдері» біліктілікті арттыру курсы бойынша тыңдаушыларды оқытудың төртінші күні өтті.

Дәріскерлер ойын техникасы мен анимация негіздері, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметін ұйымдастыру және іске асыру туралы талқылады. Баланың жағдайын, жас ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық диагностикалау мәселелерін қарастырды. Тыңдаушылар өткен материалдарды бекіту үшін практикалық сабақтар орындады.


Comentarios


bottom of page